378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да шағын автобус өртенді

  • 101
  • UPD: 23:27, 14.05.2019
СҚО-да шағын автобус өртенді

Солтүстік Қазақстан облысында шағын автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. 

Оқыс оқиға бүгін кешкі 5-тер шамында Рощинск ауылының маңында болған. Бір топ баланы Петропавлдан Тайынша қаласына апара жатқан қоғамдық көліктің орта жолда қозғалтқышы түтіндеп, өрт шықты. Қатты желден от лапылдап жанып, бірге келе жатқан патрульдік полиция қызметкерлері мен жүргізуші шағын автобусты жолдың жиегіне итеріп тастады. Зардап шеккендер жоқ. Мектеп оқушылары Тайыншаға басқа көлікпен жетіп қалды.

Авторы: Айдарбек Балғабеков

Хабар 24 телеарнасы