379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам зардап шекті

  • 215
  • UPD: 13:58, 15.05.2019
Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам зардап шекті

Оралда екі автобус соқтығысты. Салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін Зачаган кентіндегі «Жазира» аялдамасы маңында болды. №3 және №5 қалалық бағытта қатынайтын автобустар соқтығысты.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 10.39-да шақырылып, 10.43-те жеткен.

«Оқиға орнында 6 бригада жұмыс жасады. 1966 жылғы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Он адам (біреуі - ер адам, қалғаны - әйелдер) облыстық көп салалы ауруханаға жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап жатыр», - деді А.Сақпосынова.

Хабар 24 телеарнасы