379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде ұрланған 30 көлік Петропавлдан табылды

  • 144
  • UPD: 20:03, 15.05.2019
Ресейде ұрланған 30 көлік Петропавлдан табылды

Қазір шекара асып келген бұл техникалар айыптұраққа қойылып, иелері іздестіріліп жатыр.

Полицейлердің айтуынша, темір тұлпарлар Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург қалаларынан әкелініп сатылған. Осындай қылмыстардың алдын алу үшін Солтүстік Қазақстан, шекаралас Омбы, Қорған облыстарының полицейлері онлайн конференция өткізді. Бейнебайланыс барысында тәртіп сақшылары көлік ұрлығынан бөлек есірткі тасымалы мен контрафактілік сауда айналымына қарсы күрес шараларын пысықтады.

Жандос Мұқатов, қалалық ПБ бастығы:

- Ол престиж бизнес класс автокөліктері. Солар екінші техпаспорттарын алып, осы жерде жүрген машиналар. Ол машиналардың бәрі специальный штраф стоянкаға қойылды. Оның ішінде үшеуі іздестірілуге салынды. Ал 27-і қайтарылатын көліктер болып анықталды.

Хабар 24 телеарнасы