389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жер үйден өрт шығып, 81 жастағы қария емханаға жеткізілді

  • 260
  • UPD: 12:02, 16.05.2019
Павлодарда жер үйден өрт шығып, 81 жастағы қария емханаға жеткізілді pavlodarnews.kz

Павлодарда Челябинск көшесі 33 мекенжайындағы жеті бөлмелі жер үйде өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

«Кеше сағат 18:55-те Челябинск көшесі 33 мекенжайы бойынша өрт шыққандығы жөнінде хабар келіп түсті. 7 бөлмелі кірпіш үйдің жуынатын бөлмесінде үй заттары, электрлі тұрмыстық техникалары отқа оранған. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 19:22-де толық жойылды. Үй иесі 1938 жылғы әйел адам газбен уланды деген диагнозбен №1 қалалық емхананың терапия бөліміне жеткізілді», - деді баспасөз қызметінде. –

Алдын ала анықталған себеп бойынша тілсіз жау электр техникаларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылуынан туындаған.

Қазіргі уақытта шығындар анықталуда. Оқиға орынына №2 өрт сөндіру бөлімінің 8 адамы мен 2 автоцистерна жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы