378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жүк көлігі қаққан адам оқиға орнында көз жұмды

  • 104
  • UPD: 14:47, 16.05.2019
Қызылордада жүк көлігі қаққан адам оқиға орнында көз жұмды

Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында «КамАЗ» жүк көлігі адам қағып кетті.

Жүргінші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 15 мамырда орын алған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігімен іс қозғалған.

«Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы