379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air Astana ұшағының Шереметьево әуежайына қонуы туралы ақпарат нақтыланды

  • 118
  • UPD: 09:37, 17.05.2019
Air Astana ұшағының Шереметьево әуежайына қонуы туралы ақпарат нақтыланды

Қазақстан Азаматтық авиация комитеті Фейсбукте ақпарат жариялады.

Оған сәйкес, Air Astana компаниясы ұшағының Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонуы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Компания мәліметінше, ұшақ Шереметьево әуежайының қону жолағына таяған кезде экипаж командирі неғұрлым ұзақ тежелуге мүмкіндік беретін жолды сұраған. Ұшақ аман-есен  жерге қонған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Air Astana компаниясы ұшағының Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонғаны туралы хабарланған еді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы