379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда антиквариат бұйымдарды заңсыз сатқан қылмыстық топ сотталды

  • 144
  • UPD: 11:26, 17.05.2019

Алматыда қолөнер туындыларын, антиквариат заттар мен зергерлік бұйымдарды заңсыз сатып келген қылмыстық топтың өкілдері сотталды.

Бұл туралы қалалық Экономикалық тергеулер департаментінің мамандары хабарлады. Қылмыскерлердің тұрғын үйлерін тінту кезінде контрабандалық жолмен әкелінген, салмағы 42 келі алтын бұйым және 98 көне картина табылған. Сондай-ақ «Фаберже» жұмыртқалары, «Фаберже» қобдишасы, Осман империясы дәуірінде жасалған қылыштар, қанжарлар мен наркескендер табылған. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бағалы екі тапаншаны да сатпақшы болған.

Жандар Ибрагимов, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің тергеушісі:

- Екі тапанша шамамен 1774-1776 жылдары жасалған. Бұрын АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтон мен Америка Конфедеративті Штаттары әскерінің генералы Роберт Эдвард Лиге тиесілі болған. Тәркіленген контрабандалық заттардың жалпы құны 2,6 миллион долллардан асады. Соттың үкімімен қылмыскерлер жеке мүлкі тәркіленіп 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбе облысында велосипед ұрлығы көбейген. Өңірде көктем шыққалы бері осындай  27 дерек тіркеліп отыр. Аймақта алдын алу шаралары басталды. Өңір полицейлері велосипедтерді жалға беретін орындарды аралап, сәйкестендіру нөмірлері мен құжаттарының бар-жоғын жаппай тексеріп жатыр. Бұл ұрланған велосипедтерді тиісті құжатсыз сатып алуды болдырмауға бағытталған. Тәртіп сақшылары тұрғындарды заттарын қараусыз қалдырмауға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Жамбыл облысында ірі көлемде мал ұрлаған адам ұсталды. Ол 15 бас сиырды Жамбыл ауданы Бескепе құмды аймағынан қолды қылған. Шаруа қожалығы иесіне 2 миллион теңгеден астам шығын келтірді. Жедел іздестіру шаралары кезінде ұрланған малды тасымалдаған көлік табылды. Полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізушісі жайылымға Сарыкемер ауылында тұратын танысының өтініші бойынша барғандығын айтып ақталған. Кейін екеуі тиелген малды Жуалы ауданы Қайрат ауылына жеткізген. Тергеп, тексеру кезінде қылмысты ұйымдастырған мүлдем басқа адам болып шықты. Тараз қаласының тұрғыны жымысқы әрекетін жүзеге асыру мақсатында «мал өзімдікі» деп бірнеше адамды пайдаланған көрінеді. Ол Жуалы ауданындағы туысына малды уақытша қарап беруін сұрап, таудағы жайылымдағы ірі қараға қосуын өтінген. Қазір күдікті кінәсын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Өскеменде заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді. Бірнеше азамат ойын сауық орындарының бір бөлмесін жалға алып, оны лотерея  залы ретінде көрсеткен.Алайда ол жерге  дербес жеке компьютерлер орнатып, электронды казино жұмысын жандандырыпты. Ойынға қатысу ақысы 10 мың теңге тұрған. Ал ақша электронды картаға салынып, соның есесіне автоматтар онлайн режимде жұмыс істеген. Ұтыс ақысы кассадан төленген екен. Экономикалық тергеу департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл қызметтерді ұйымдастыруға  сол жердегі оператор, кассир сынды мамандар жауапты болған. Мекемені қарау барысында 1 миллион теңгеден астам қаражат табылған. Сонымен қатар 20 дана  аппараттық-бағдарламалық кешендер, ойын трансляциясына қажетті аудио-видео техникалық құралдар тәркіленген.

Лаура Жақсыбаева, облыстық экономикалық  тергеу департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы:

- Оператор кассирлер сол адамдар ойынды өткізіп,ақша қаражатын алу мен беруді  жүзеге асырып отырған,бүгінгі алынған ақпараттық бағдарламалық кешендер және сол жерде сол жерде болған қалта телефондары бойынша  техникалық зеттеулер тағайындалып жатыр, аталған факт бойынша ҚК 3 307-бабы екінші бөлігі екінші тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі жолдың жиегіне түсіп кетті. Оқиға Кондратовка ауылының маңында болды. 10 тонна балшық әкеле жатқан жүргізуші рульге ие бола алмай жыраға батып қалды. Оны шығаруға арнайы техника тартылды. Олар 2 сағат арпалысып,  ауыр жүк көлігі тегіс жерге шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы