378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда жолаушылар автобусы өртенді

  • 198
  • UPD: 12:28, 17.05.2019
Екібастұзда жолаушылар автобусы өртенді

Екібастұз қаласында «Союз» саяжай қоғамының учаскесінде жолаушылар көлігінен өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сағат 10.53-те кезекшілік бөліміне 1987 жылғы «Неоплан» көлігінің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Автобустың мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдары жанып, қызыл жалын салонның сегіз шаршы метрін шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Көліктің ішінде жолаушылар болмаған, - дейді департаментте.

Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Қазіргі таңда тілсіз жау салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Екібастұз қаласының № 32 өрт сөндіру бөлімінен төрт адам мен бір техника өртті сағат 11.42-де сөндірген.

Хабар 24 телеарнасы