378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қоқыс полигонындағы өрт сөндірілді

  • 159
  • UPD: 13:53, 17.05.2019

Алатаудың бөктерін қара түтінге тұншықтырған ыс сейілді. Қарасай ауданындағы бір тәуліктен аса жанған қоқыс полигоны сөндірілді.

Өрт бір гектар жерді шарпыған. Оның шығу себебі анықталуда. Сонымен қатар алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Түтіндеген қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары түнгі сағат үшке дейін және таңғы алтыдан бастап жүргізілген. Өртенген аумақ толықтай оқшауланып, жетпіс метр тереңдіктегі ошақ толықтай өшірілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді. Қос тікұшақпен тағы 90 текше метр су құйылып, жалын толықтай жойылды.

Хабар 24 телеарнасы