383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жол апатынан бір адам қаза тапты

  • 215
  • UPD: 16:57, 19.05.2019
Нұр-Сұлтанда жол апатынан бір адам қаза тапты

Бүгін түс мезгілінде елордада жол апаты тіркелді.

Салдарынан 4 адам зардап шегіп, 1 кісі көз жұмды. Оқиға Абылай хан даңғылының бойында тіркелді. «Ниссан» көлігінің жүргізушісі шетелдік темір тұлпарға соқтығысып, салдарынан соңғысы жаяу жүргіншіні қаққан. Әйел адам алған жарақаттарының ауыр болуына байланысты оқиға орнында тіл тартпай кетті. Одан бөлек, тағы екі ер адам мен екі әйел жарақат алды. Жол апатының себептерін полицейлер анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекованың мәлімдеуінше, зардап шегушілердің үшеуі ауруханада, ал біреуі үйіне қайтарылған. Және көліктер айып тұрағына жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы