383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында көлікті белдік тақпай жүргізген полицей жазаланды

  • 184
  • UPD: 14:15, 20.05.2019

Ақмола облысында жол жүру ережесін бұзған полицей әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Степногорск қаласындағы учаскелік полицейдің қызметтік көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай тізгіндегенін жергілікті тұрғындардың бірі смартфонына түсіріп алып, облыс әкімінің блогына жолдайды. Ал бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланады. Осыған қатысты аймақ басшысы дереу тапсырма беріп, тексеріс нәтижесінде полицейдің заң бұзғандығы анықталған. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 2-тармағы бойынша 12 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Заңның алдында барлық адам бірдей. Сондықтан ешкім жазасыз қалмайды. Ал аймақ тұрғындары ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан қандай да бір заң бұзушылық байқаса, 8 71 62 29 90 24 нөміріне хабарласуларын сұраймыз. Азаматтың арыз-талабы бойынша сол іске қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті жаза қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы