386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда автобус оқушыны қағып кетті

  • 563
  • UPD: 16:21, 20.05.2019
Қостанайда автобус оқушыны қағып кетті

Қостанай қаласындағы әл-Фараби даңғылының бойында жол-көлік оқиғасы болды.

Бұл туралы «Алау» басылымына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

Куәгер Виолетта Немолеваның айтуынша, Қостанай қалалық ауруханасының маңында екі белгі орнатылған: «Ескерту, балалар және «Жаяу жүргіншіге арналған жол». Дәл осы жерден оқушы қыз өтіп бара жатқан кезде оны автобус қағып кеткен.

«№ 2 бағытында жүретін қоғамдық көлік. Қалай көрмеуге болады, екі бірдей белгі тұр. Баланың жасы шамамен 10-12-де. Менде жолдан өтіп бара жаттым, көлік тежегішінің ысқырығын және қыздың айғайлаған дауысын естідім. Оның тоқтауға мүмкіндігі болды, арасы біраз жер еді. Онда белгілер тұр емес пе, сонша басқаны несі?», - дейді әйел.

Оның айтуынша, ер адам мен әйел қызды көтеріп алып, дереу қалалық ауруханаға апарған. Полицейлер келді. Әйел адамның айтуынша, бұл айда осымен бірнеше рет жол апаты болған.

«Бірінші рет емес. Осы жерде әрдайым біреуді қағып кетіп жатады. Мен автобуспен жиі жүремін олар үнемі телефонмен сөйлесіп отырады. Жолаушылардың қауіпсіздігін ескеруі керек емес пе?», - дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы