383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 16 жастағы оқушы спорттық жарыс кезінде көз жұмды

  • 247
  • UPD: 09:35, 21.05.2019
Ақмола облысында 16 жастағы оқушы спорттық жарыс кезінде көз жұмды

Ақмола облысында мектеп оқушысы спорттық сайыстар кезінде көз жұмды, - деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға 17 мамыр күні Бурабайдағы балалар сауықтыру орталықтарының бірінде болған. Мәліметке сүйенсек, «Алау» облыстық әскери-спорттық ойындары барысында Көкшетау қаласындағы №4 орта мектептен келген 9-сынып оқушысы жүгіріп келе жатып, есінен танып қалады. Оған дереу сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, артынша Бурабай аудандық ауруханасына жеткізіледі. Арада жарты сағат өтпей, бала емдеу мекемесінің қабырғасында жан тапсырады. Әзірге баланың нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Брақ алдын ала болжам бойынша дәрігерлер оны «жүрек талмасынан көз жұмды» деп отыр. Оқушының мәйітіне сот-медициналық сараптама жүргізілді. Нәтижесі бүгін, ертең белгілі болмақ. Қазір аталған оқиғаға қатысты ішкі істер органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы