389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы Тұрғысын өзені тасып су электр станциясын басып қалды - Куәгерлер

  • 383
  • UPD: 23:25, 21.05.2019
ШҚО-дағы Тұрғысын өзені тасып су электр станциясын басып қалды - Куәгерлер

Бейресми ақпарат бойынша Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын салдарынан Тұрғысын өзені арнасынан асып, су электр станциясының бірнеше нысанын басып қалған.

Мәліметке сүйенсек, су деңгейі өткен түннен бастап көтеріліп, сол маңда тұрған техника мен құрылыс материалдарын, вагондарды ағызып әкеткен көрінеді. Алайда бұл деректі облыстық төтенше жағдайлар департаменті әзірге растаған жоқ. Ондағы баспасөз қызметі өңірдегі гидротехникалық құрылғыларға және өзен деңгейінің көтерілуіне байланысты  ешқандай хабарлама тіркелмегенін жеткізді.

Авторы: Э.Ахметова

Хабар 24 телеарнасы