384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде құтқару қызметтері бірнеше сағат бойы байланыссыз қалды

  • 552
  • UPD: 01:19, 22.05.2019

Қиын жағдайға тап болған азамат не жедел жәрдемге, не болмаса полицейлер мен өрт сөндірушілерге де хабарласа алмаған.

Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желілерге жариялаған болатын. Олардың айтуына қарағанда мұндай жағдай соңғы екі апта ішінде бірнеше рет қайталанған. Байланыссыз қалған құтқарушылар әлеуметтік желілер мен интернет арқылы қосымша номерлер таратуға мәжбүр. Облыстық жедел жәрдем қызметіне тәулігіне мың жарымға дейін қоңырау шалынады екен. Еліміздегі байланыс қызметін ұсынушы мекеме өкілдері уақытша келеңсіздікті техникалық ақаулардан болды дейді. Таңғы сағат 8-де істен шыққан құрылғыны жөндеуге мамандар бірнеше сағат уақыт жоғалтқан.

Ғалымжан Сүйінбаев, байланыс компаниясы аймақтық дирекциясының техникалық директоры:

- Байланыссыз қалуға электр желісімен қамтамассыз ету аппараттарының істен шығуы себеп болды. Бұл құрылғылар 2001 жылғы. Сондықтан мұндай жағдай кей кездері қайталанып тұрады. Оған жол бермеу керектігін түсінеміз. Сондықтан қазір байланыстың үзілмеуін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы