378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында заңсыз балық аулау жиілеген

  • 184
  • UPD: 09:39, 22.05.2019
Жамбыл облысында заңсыз балық аулау жиілеген

Жамбыл облысында екі бірдей жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі анықталды.

Ал Ақтауда жол ережесін сақтамай, өз өмірлеріне қауіп төндіргендердің теріс әрекетін жолаушылар ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланған

Жамбыл облысында екі бірдей жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі анықталды. Қос кәсіпорын тас, құм сияқты табиғи құрылыс материалдарын заңсыз өндірген. Полицейлер заң бұзушыларды арнайы жедел алдын алу шарасы кезінде Мойынқұм мен Жамбыл аудандарында ұстады. Жіті тексеру кезінде олар ешқандай рұқсат құжатсыз, өз беттерінше әрекет еткендігі әшкере болды. Қазір қоршаған ортаға келген зиян мен шығын көлемі есептеліп жатыр.

Жол ережесін бұзу деректері анықталды  

Ақтөбеде 15-19 мамыр аралығында өткізілген «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі анықталды. 72 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарған.  Жылдамдықты шамадан тыс асырудың 37, қарсы бағытқа шығып құқық бұзудың 34 фактісі белгілі болды. Жаяу жүргіншілерге жол бермеген 114  жүргізуші де жауапкершіліктен құтыла алмады. 

Жол ережесін өрескел бұзған көлік иелеріне айыппұл салынды 

Ақтау қаласының маңындағы Приозерный ауылында жол ережесін өрескел бұзған көлік иелеріне қомақты айыппұл салынды. Жүйткіп келе жатқан жеңіл көліктердің терезесінен шығып, шу көтерген жастардың әдепсіз қылығын жолаушылар ұялы телефонға түсіріп алған. Бейнекадрде мемлекеттік нөмірі анық көрініп тұрған жеңіл көліктерді полицейлер тез тапты. Енді олардың иелері заңның үш бірдей бабына сәйкес 84 мың теңгеден айыппұл төлейді.  

Заңсыз балық аулау жиілеген

Жамбыл облысында өткізілген «Уылдырық» жедел алдын-алу шарасын барысында балықты заңсыз аулаудың 85 дерегі анықталды. 15 сәуірден бастап аймақта су маржандарын аулауға тыйым салынған. Бірақ қаскөйлерге бұл да кедергі болар емес. Сондай-ақ Жамбыл мен Меркі аудандарында электрлі қармақпен балық аулаған браконьерлерге қатысты 3 бірдей қылмыстық іс қозғалды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың көлемі 1 миллион теңгеден асқан. Қазір облыс аумағындағы барлық су қоймаларында бақылау күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы