380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ТМД бойынша іздеуде жүрген 2 адам құрықталды

  • 152
  • UPD: 12:11, 23.05.2019
Елордада ТМД бойынша іздеуде жүрген 2 адам құрықталды

Елордалық полицейлер әртүрлі қылмыс жасаған 11 адамды анықтады.

«21-23 мамыр аралығында елорда аумағында «Үйсіз-күйсіз жүргендер» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 250 адам тексеріліп, әртүрлі қылмыс жасады деген күдікпен 11 адам анықталды. Сондай-ақ ТМД елдерінде іздеуде болған 2 адам анықталып, із-түссіз жоғалған 5 адам табылды, тұрақты мекен-жайы және құжаттары жоқ 30 адам қабылдап-тарату орнына жеткізілді», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Құрақты көшесіндегі үйлердің бірінен қылмыскер анықталып, ұсталды. 32 жастағы ер адамға Ресей Федерациясында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері сәуір айының басынан бері іздеуде жүрген 30-ға жуық қылмыскерді ұстаған.

elorda.info

Хабар 24 телеарнасы