383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсуда жанып жатқан пәтерден екі бала құтқарылды

  • 119
  • UPD: 16:56, 23.05.2019
Ақсуда жанып жатқан пәтерден екі бала құтқарылды pavlodarnews.kz

Павлодар облысындағы Ақсу қаласында бес қабатты тұрғын үйде өрт тіркелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сағат 19.40-та төртінші кіреберістің бірінші қабатында бір бөлмелі пәтерден өрт сөндірушілер екі баланы құтқарып қалды. Сондай-ақ, жоғарғы қабаттан сегіз ересек және алты бала сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - дейді департаментте.

Тілсіз жау 10 шаршы метр аумақта техника мен жиһаздарды шарпыған. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 7 адам мен үш техника жұмыс істеді.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы