383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда студенттер белгісіз газдан уланды

  • 286
  • UPD: 23:03, 23.05.2019

Атыраудағы колледждердің бірінде оқушылар белгісіз газдан уланып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 20 бала облыстық ауруханаға жеткізілсе, оның жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бүгін түс кезінде болған. Колледж дәлізінен тараған белгісіз түссіз газдың әсерінен балалардың тынысы тарылып, өздерін жайсыз сезінген. Сол заматта ғимараттағы барлық адам сыртқа шығарылыпты.

Аманжол Сағынғалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Оқиға орнында 12 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Нәтижесінде барлық науқастарға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Қазір балалардың жағдайы бірқалыпты. Олар дәрігерлердің бақылауында болады.

Хабар 24 телеарнасы