389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда ескі химия зауытынан өрт шықты

  • 456
  • UPD: 22:51, 23.05.2019

Атыраудың қақ ортасында орналасқан ескі химия зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар тозығы жеткен нысанды сүруге кіріскенде, мазут сақтайтын 50 мың текше метрлік қазандықта от тұтанған. Оқиға болған аумақ «Атырау Жылу қуат орталығы»  мен «Атырау өңдеу зауытына» таяу тұрғандықтан, құтқарушылар барынша сақ болуға тырысты. 

Әбділқапар Жұманов, өрт сөндіру және апаттық құтқару ММ басшысы:

- Қазір өрт толықтай сөнді. Қазір қазанды мұқият тексерудеміз. Себебі, қазанның ішкі қаптауында әлі де шоқ қалуы мүмкін. Сондықтан әзірге осы жерге кезекшілік ұйымдастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы