383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Астана Су Арнасының» 4 қызметкері қаза тапты

  • 207
  • UPD: 22:49, 23.05.2019

Бүгін елордада 4 бірдей адамның өмірін қиған бақытсыз жағдай тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Астана Су Арнасы» коммуналдық мекемесінің жұмысшылары қызмет бабында қаза тапты. Олар кәріздік сорғы станциясындағы құбырларды бөлшектеу кезінде метан газынан уланған. Белгілі болғандай, әуелі құдықтағы жұмысшының бірі есінен танып, су қоймасына құлаған. Сол мезетте әріптесін құтқаруға үш жұмысшы ұмтылады. Алайда олардың әрекеттері жүзеге аспады. Саты арқылы кезекпен төмен түскен жұмысшылар да құдықтағы газдың әсерінен көз жұмды. Қайтыс болғандардың ең кенжесі 1995 жылы туған. 

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы: 

- Сорғы станциясының ішінде диаметрі 3,5 және тереңдігі 10 метр болатын қойма бар екені белгілі болды. Оның іші шамамен 3 метрдей сұйықтыққа толы екен. Өлі денелерді судың бетінен шығарып алдық. Олар тыныс алу жолдарын қорғайтын бетпердесіз жұмыс істеген.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ басшысының кеңесшісі:

- Бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-тармағы, яғни еңбек қауіпсіздігін бұзу бабы бойынша екі адам немесе одан да көп адамдардың қайтыс болуы салдарынан сотқа дейінгі тергеу амалдары жүретін болады және бірнеше сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы