383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаламқас кен орнынан грифон анықталды - ТЖД

  • 111
  • UPD: 12:24, 24.05.2019
Қаламқас кен орнынан грифон анықталды - ТЖД

Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнынан грифон анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сілтеме жасап.

Су мен газ Қаламқас кен орнында 23 мамыр күні сағат 06.00 кезінде анықталған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, грифон ұңғыма сағасынан 35 метр жерде білінген. Биіктігі - 30-40 сантиметр.

«Оқиға орнында «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС өртке қарсы қызметі жұмыс жасауда. Бір автоцистерна су кетті. «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ ақпаратына сай, ұңғыманы реттеуге болады. Ол қашыртқы шамды шығарылымға қарсы құрылғымен қамтамасыз етілген. Грифонның төмендегені байқалады», - делінген Маңғыстау облыстық ТЖД қызметі.

Грифон - жердің немесе су қоймасының бетінен жоғары көтерілген жинақталған жер асты суы.

Хабар 24 телеарнасы