384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық тестілеу орталығының бірнеше басшысы жемқорлық қылмысы үшін ұсталды

  • 649
  • UPD: 19:11, 24.05.2019

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК бірнеше басшысы жемқорлық қылмысы үшін ұсталды.

Бұл туралы ҚР МҚІСЖҚК қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин Нұр-Сұлтандағы баспасөз-конференциясында айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

«Ағымдағы аптада Ұлттық бюромен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшылығы тарапынан парақорлықтың сыбайлас жемқорлық схемасының жолы кесілді. Орталық білім сапасын бағалау жүйесінің аясында емтиханның барлық түрлерін ұйымдастырумен және өткізумен айналысады», - деді Бердалин.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық тестілеу орталығының бас директорының бұрынғы м.а. (орталықты 2016 жылы басқарған) білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялардың мүддесін лоббилендіруі үшін бағасы 9 миллион астам теңге құрайтын маркасы «Тойота-Камри» жаңа автокөлігі түріндегі пара алуда күдікті деп танылуда.

«Автокөлік түріндегі пара заты алынды және қамалды. Параны алу туралы жинақталған дәлелдемелерді есепке алумен және түскен өтініш негізінде сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген түрде жүргізілуде.Сондай-ақ ұқсас заңсыз іс-әрекеті үшін, яғни 2017-2018 жж. кезеңінде делдал арқылы жүйелі негізде аса ірі көлемдерде пара алған аталған Ұлттық тестілеу орталығының бас директорына (2017 жылдан қазіргі уақытта дейін орталықты басқарған) қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп толықтырды Бердалин.

Ол атап өткендей, сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Жалпы Бердалиннің сөзіне қарағанда, соңғы 3 жылда білім саласында 620 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды, залал сомасы – 1,5 млрд теңге. 364 тұлға әшкереленді, оның ішінде 57 мектеп директоры, 10 колледж директоры, 22 балабақша мегерушісі.

Хабар 24 телеарнасы