388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда саяжай өртеніп кетті

  • 408
  • UPD: 20:08, 24.05.2019
Петропавлда саяжай өртеніп кетті

Петропавлда саяжайлар бірінен соң бірі өртенді. Бүгін «Ракета» кооперативінде от шықты.

Тілсіз жау жеті бірдей саяжайды күлге айналдырды. Алдын ала болжам бойынша, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан шыққан. Зардап шеккендер жоқ. 

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Желдің жылдамдығы секундына 25-30 метр. Сондықтан өртті сөндіру оңайға соғып жатқан жоқ. Оның үстіне көшелер де тым тар. Техникаладың кіріп бұрылып шығуларына аса мүмкіндік жоқ.

Хабар 24 телеарнасы