383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда батут аударылып, 11 жасар бала көз жұмды

  • 298
  • UPD: 21:35, 25.05.2019

Бүгін Қарағанды қаласындағы орталық демалыс саябағында батутта ойнап жүрген 11 жасар бала қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батут қатты желдің күшінен көтеріліп, ішінде ойнап жүрген балаларды басып қалған. Бұл оқиғада жарақат алған тағы үш бала қаланың ауруханаларына жеткізілді. Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері аталған нысанның қызмет көрсету құжаттарын алып, тексеріс жүргізетін органдарға жолдады.

Жанатай Сембеков, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы:

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қатты жел үрмелі батутты аударып тастаған.Оқиға салдарынан 11 жастағы бала қаза тауып, тағы да 2 бала түрлі жарақаттармен емханаға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 306 бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлерімен аталған объектінің қызмет көрсету құжаттары алынуда.

Ерік Шонбаев, Х.Мақажанов атындағы клиникасының ахуалдық орталығының меңгерушісі:

– Екі бала Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Біреуіне медициналық көмектер көрсетіліп, үйіне қайтарылды, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Бас сүйегі мен аяқ қолдары сынған. Қазір жағдайы тұрақты. Үшінші бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Оның іш құрылысына зақым келген. Барлық жарақат алушыларға қажетті деңгейдегі медициналық көмек көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы