382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында «бұлшықет өсіретін» дәрі ішкен 4 бала уланып қалды

  • 153
  • UPD: 13:59, 26.05.2019
Ақмола облысында «бұлшықет өсіретін» дәрі ішкен 4 бала уланып қалды

Ақмола облысында төрт жасөспірім дәріден уланып қалды.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Ерейментау аудандық ауруханасына 4 жасөспірім түскен. Уланғандардың жасы 13-15 жас аралығында.

«Барлық науқастар Олжабай батыр ауылында тұрады. Келіп түскен кезде балалардың жағдайы ауыр болатын. Ағзаның улануы, қалшылдау және неврологиялық симптомдар байқалды. Ақыл-есінің жағдайы - сопор-кома», - дейді денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Жағдайды зерделеу барысында әр баланың «Финлепсин» дәрісінің 15 таблеткасын жұтқаны белгілі болды. Олар мұны бұлшық етін өсіру үшін ішкен. 

«Дәрілік препарат «эпилепсия» сырқатымен есепте тұратын бір балада болған. Қазіргі таңда төртеуі де анестезиология, жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде ем алып жатыр», - деп мәлім етті ведомстводағылар. Қазіргі таңда республикалық санавиациядан токсиколог маман, ал облыстық көпсалалы ауруханадан реаниматолог Ерейментау ауданына жолданды. Басқарма мамандарының сөзінше, науқастардың біреуі есін жиған.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы