378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде құтқарушылар 4 жасар баланы төртінші қабаттан аман алып түсті

  • 164
  • UPD: 11:36, 27.05.2019
Өскеменде құтқарушылар 4 жасар баланы төртінші қабаттан аман алып түсті altaynews.kz

Өскеменнің өрт сөндірушілері төртінші қабаттың балконынан төрт жастағы баланы аман-есен алып түсті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Өскемендегі Вострецов көшесінде, 24 мамырдың түнінде, 00.00 сағат шамасында көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметіне қарағанда, өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан. Құтқарушылар ғимаратты барлау кезінде балкондағы төрт жастағы балақайды көреді.

«Жатын бөлмелерде жиһаздар мен тұрмыстық техникалар жанып жатты. Жоғары қабаттағы пәтердің балконынан барлау барысында 2015 жылы туған бала құтқарылды», - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар бөлімінің баспасөз қызметі.

Балақайды ауруханаға апарудың қажеті болмады.

Айта кетсек, жалпы 8 адам эвакуацияланды.

Хабар 24 телеарнасы