386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 63 жастағы әйелді көлік қағып кетті

  • 469
  • UPD: 13:31, 27.05.2019
Алматы облысында 63 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Алматы облысында 63 жастағы әйелді көлік қағып, көз жұмды. Оқиға Талғар қаласында болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамырдың 26-ынан 27-іне қараған түні болған көлік апатында жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырған. Ал көлікті 25 жастағы ер адам тізгіндеген.

«Аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК 345 бабының 3-бөлігіне сәйкес жүріп жатыр. Іс облыстық полиция департаментінің өндірісінде»,-деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы