378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жітіқара аудандық ауруханасынан 240 адам қауіпсіз жерге көшірілді

  • 170
  • UPD: 14:36, 27.05.2019
Жітіқара аудандық ауруханасынан 240 адам қауіпсіз жерге көшірілді echo.tomsk.ru

Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, төтенше шаралар емдеу мекемесінің электронды поштасына түскен хабарламадан кейін қолданыла бастады. Хатта ауруханада жарылғыш зат бар екені туралы жазылған.

Ғимараттан 240 адам, соның ішінде емделушілер мен медициналық қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнына арнайы қызмет өкілдері жұмылдырылып, жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы