389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде кене шаққан бала ауруханаға түсті

  • 366
  • UPD: 11:49, 28.05.2019
Өскеменде кене шаққан бала ауруханаға түсті KYN.kz

Өскеменде мектеп оқушысын кене шағып, бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кене шаққан баланың ауруханаға түскені туралы республикалық БАҚ көздері ақпарат таратқан болатын. Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы жақсарғанын хабарлады.

«Қазіргі таңда баланың жағдайы бірқалыпты. Бүгін ауруханадан шығарамыз. Кене шамамен сәуір айының соңында шаққан. Екі аптадан кейін баланың температурасы көтеріліп, басы ауырған. Осыдан кейін жедел жәрдем шақырылып, бала стационарлық емдеуде 12 күн жатқан», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Басқарма спецификалық терапия жүргізілгенін және баланың жүйке жүйесі ешқандай ақаусыз сауығып келе жатқанын хабардар етті.

Хабар 24 телеарнасы