389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі жол апаты: екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

  • 720
  • UPD: 14:42, 28.05.2019

Шымкенттегі автотұрақтардың бірінде автокөлік жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған балаларды қағып кетті.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментіне қарасты әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция тобының қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің 6 жасөспірімді қағып кеткенін анықтаған. Олар дереу жедел жәрдеммен облыстық және қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір жеңіл жарақат алған 4 бала үйлеріне қайтарылған. Ал екі жасөспірім облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты. Бұл оқиға бойынша бірнеше сараптама тағайындалды.

Тимур Бекманов, облыстық балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Кеше бізге екі науқас түсті кешке. Жол апатынан кейін. Біреуі 6 жасар, бірі 11 жасар. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Тексеріп басына компьютер томография істеп бірінші көмекті көрсетіп бүгін жағдайы тұрақталды. Қазір нейрохирургия бөлімшесіне ауыстыруға дайындап жатырмыз. Естері анық. Динамакасы қалыпты болып қалды.

Хабар 24 телеарнасы