389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Қырықбаевтар» атты қылмыстық топ мүшелері құрықталды

  • 336
  • UPD: 17:46, 28.05.2019
Жамбыл облысында «Қырықбаевтар» атты қылмыстық топ мүшелері құрықталды

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

Олар күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады.

2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды.

ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы