383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жас босанған ана перзентханада көз жұмды

  • 172
  • UPD: 19:31, 28.05.2019
Атырауда жас босанған ана перзентханада көз жұмды

Атырау облыстық перинаталдық орталығында жас босанған ана қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

24 жастағы аяғы ауыр әйел Исатай аудандық ауруханасына әкелінген. Кесер тілігі арқылы босандырылған әйел 4 сағаттан соң жан сақтау бөлімінде жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Айы-күні жетіп туған нәресте дін аман. «Баланың өміріне қауіп жоқ, үйге шығаруға әзірлеп жатырмыз», – дейді дәрігерлер. Анасы операциядан кейін сәбиін емізіп те үлгерген. Бірақ одан кейінгі жағдайы күрт нашарлапты. Әзірге ана өлімінің себеп-салдары белгісіз. Мамандар арнайы сараптама қорытындысы екі аптадан кейін шығады деп отыр.

Айгүл Құдаманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

– Ананың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келген көмегімізді аяған жоқпыз. Отызға тарта дәрігер атсалысты. Өкінішке орай тура келген ажалдан аман алып қала алмадық. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен де тікелей байланысқа шығып, еліміздің үздік дәрігерлерінің ақыл-кеңесін де алдық. Жан сақтау бөлімінде жатқан кезде жүрегі бірнеше рет тоқтап қалды. Ал баланың денсаулығы қалыпты.

Хабар 24 телеарнасы