383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда он жастағы бала суға кетті

  • 139
Атырауда он жастағы бала суға кетті

Атырауда он жастағы бала суға кетіп, қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал оны құтқармақ болған екі досы аман қалды. Оларды төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем келгенше оқиға куәгерлері құтқарып алған. Суға батып кеткен баланың денесі 7-8 сағаттан кейін табылды. Қалған екі оқушы қазір ауруханаға жеткізілді. Қазір олар пульмонология бөлімшесінде жатыр. Өкпеге су кетіп қалғандықтан, кейін пневмонияға айналып кетпеуі үшін дәрігерлер балаларды жіті қарауына алып, ұзаққа созылатын емдеу курстарын ұсынып отыр. 

Сайран Жамұқова, облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары:

– Жедел жәрдеммен жеткізілді. 2010 жылғы бала реанимация бөліміне қабылданды. Бүгінгі күні бала басқа бөлімге ауыстырылды. Екі баланың да жағдайы тұрақты. Емдерін қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы