387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да тұрғын үйде газ жарылып, бір адам жарақат алды

  • 318
  • UPD: 15:49, 29.05.2019
БҚО-да тұрғын үйде газ жарылып, бір адам жарақат алды kremenvlast.com.ua

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңмен сағат 07.00-де Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында Колхозная көшесі 6-үйде болды.

Жарылыстан жеке тұрғын үй қирап, жанбаған. Әйтсе де денесін күйік шалған 1965 жылғы ер адам Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Оның басы мен құлағы, беті, қол-аяғы күйген.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы