389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты

  • 268
  • UPD: 20:39, 29.05.2019
Елордадағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты Ustinka.kz

29 мамыр күні сағат 19:28-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-сінің «101» нөміріне Сәтпаев көшесінде орналасқан «Торғай» қонақ үйінде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

Белгілі болғандай, 15 метрлік сорып алатын мұржаның жылытқышы өртенген. Қызыл жалын 19:42-де ауыздықталған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жеке құрамнан 22 адам мен өрт сөндіру қызметінің 6 бірлігі жұмылдырылған. Ғимараттан 20 адам қауіпсіз жерге шығарылған.

Хабар 24 телеарнасы