378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде 9 қабатты үйден өрт шықты

  • 140
Өскеменде 9 қабатты үйден өрт шықты

Өскеменде Красина көшесіндегі 9 қабатты үйден өрт шығып, 21 адам құтқарылды, олардың арасында 4 бала бар.

Тағы 30 адам эвакуацияланды. Қызыл жалын 15:30 шамасында  тұтанған. Өрт сөндірушілер де көп қабатты үйге бірден жеткен. Куәгерлердің айтуынша, тілсіз жау 3-қабаттағы электр сымынан тұтанып, 9-қабатқа дейін көтерілген. Құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен тұрғындарды құтқарып, эвакуциялады.

1968 жылы туған әйел адам иіс тиіп, қалалық ауруханаға жеткізілді. Жалынды өшіруге 25 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Жалпы, төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдеуінше, 18 метр кабель жанып кеткен. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы