378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 7,5 млрд теңгені жымқырмақ болғандар анықталды

  • 209
  • UPD: 14:04, 30.05.2019
Қостанай облысында 7,5 млрд теңгені жымқырмақ болғандар анықталды

Тобыл өңірінде 7,5 миллиард теңгені жымқырып кетпек болғандар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қостанайда өткен жиында осындай қылмыс түрлері жіктеліп айтылды. Бюджет қаржысын қолды қылудың түрлі айла-амалдары көп. Соның ішінде кең тарағаны тендерде тауар бағасын шектен тыс көтеріп көрсету. Ал берілген ақшаға арзанқол дүниені сатып алып, айырмасын қалтасына басады. Немесе төмен бағамен конкурс жариялайды да, өз адамы ұтып алғаннан кейін, қайтара келісімшарт жасасып, оның құнын еселетіп жібереді екен.

Салауат Мүксімов, ҚР МҚІСЖҚІҚ департаментінің басшысы:

- 2020 жылы осы сатып алуға қатысатын азаматтардың саны одан әрі көбейейін деп тұр. Ол әрине, бақылау жасауға қиындық соғып отыр. Оны қатаң қысқарту мәселесі тағы бар. Неге десеңіз, қазіргі уақытта мектеп директоры болсын, аурухана болсын, басқа да әлеуметтік саланың, бюджеттік ұйымдардың барлығы сатып алуға қатысады. Одан барлығы арылу керек.

Хабар 24 телеарнасы