389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқаш көлінен сүңгуірлер сәбидің мәйітін тапты

  • 234
  • UPD: 20:28, 30.05.2019

Балқаш көлінен сүңгуірлер кішкентай баланың денесін тапты.

Төтенше жағдайлар қызметінің дерегі бойынша, сәби судағы бетон құрылғылардың астында қысылып қалған.

Оның былтыр қазан айында Техснаб елді мекенінде жоғалып кеткен Дариғұл Бекнұр екені анықталды. Естеріңізге сала кетейік, екі жасар бала күндізгі сағат 12-де жеке үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен еді. Ол кезде баланы ел жаппай іздегенмен, нәтиже болмаған.

Жанна Дәуренбекова, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Бүгін таңертен... Кеше техснаб кентінің тұрғындарынан судың ішінде баланың денесіне ұқсас зат табылуы туралы хабар түсті, сол күні кеше сүңгуір жұмысы басталды. Бірақ судың қатты ағуынан іздеу жұмыстары толығымен жүргізуге мүмкіндік болған жоқ. Бүгін Балқаштың ТЭЦ-нан судың ағызылуы азайтылды, сондықтан арнадағы су төмендеді. Сонымен қатар сүңгуір жұмыстары ары қарай жалғастырылды. Бүгін таңертең сүңгуірлер іздеу жұмысының барысында баланың денесін алып шықты.

Хабар 24 телеарнасы