389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда көп қабатты үйдің шатыры өртенді

  • 550
  • UPD: 23:01, 30.05.2019

Таразда көп қабатты үй өртенді. 120 пәтерден тұратын үйдің шатырынан шыққан от ауыздықталғанмен, сөндіру осы кезге дейін жүріп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар дереу эвакуацияланды. Қазір оқиға орыны оқшауланып, өрт сөндіру қызметінің мамандары арнайы техникамен жұмыс істеп жатыр. 

Ақпаратқа сәйкес, сағат 19:30-да Тараз қаласы «Қарасу 5» шағын ауданындағы  №18 үйдің шатырында өрт шыққан.

ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне 19:34-те қоңырау келіп түсті. Өртті сөндіруге 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің маманы жұмылдырылды. 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42-і бала. Кешкі сағат 20:50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, сағат 22:11 сөндірілді.

Аймақ басшыларының айтуынша, енді арнайы комиссия құрылып толық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл үй 2014 жылы жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен екен.

Хабар 24 телеарнасы