389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында денсаулық сақтау басқармасының қызметкері парамен ұсталды

  • 369
  • UPD: 22:50, 30.05.2019
Жамбыл облысында денсаулық сақтау басқармасының қызметкері парамен ұсталды

Жамбыл облысында Жуалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері пара алып ұсталды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сәйкес ол жеке кәсіпкерден балабақша ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру үшін ақша алған. Бұл қызметін 150 мың теңгеге бағалапты. Күдікті қылмыстық әрекетін делдал арқылы жүзеге асырмақ болған.

Жанна Бастарова, МҚІСЖҚІА қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары:

- Кінәсын толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. тергеу жалғасуда. Айта кету керек, күдіктіге қатысты түпкілікті үкім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы