389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ұры 10 жастағы баланы пышақтап кетті

  • 480
  • UPD: 14:52, 31.05.2019

Батыс Қазақстан облысындағы тұрғын үйдің бірінде газ баллоны жарылып, ер адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Маңғыстау облысында футбол алаңында ойнап жүрген жеткіншектің үстіне қақпа құлап, басын зақымдады.

30 жастағы ер адам жасөспірімдерді пышақпен қорқытып, телефондарын тартып алыпты. Бұл туралы Қарасай аудандық полиция бөлімшесіне зардап шеккен қыздың анасы хабарлаған. Шағым негізінде арнайы топ құрылып, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер Алматы қаласының тұрғынын қолға түсірді. Одан айғақ ретінде жоғалған заттар табылып отыр. Дәл осыған ұқсас жағдай Алакөл ауданында да болды. Күдікті 10 жастағы баланы пышақтап, үйдегі 20 мың теңгені қолды қылған.

Ернар Сайділдин, облыстық ПД ресми өкілі:

- Күдіктіні зардап шеккен жасөспірім сипаттап берді. Қазіргі таңда күдіктіні ұстауға барлық полиция бөліміне мәлімет таратылды. Осы дерек бойынша қандай да бір дерек болса, жақын жердегі полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Шағын аудан ішіне қоқыс төккен көлік жүргізушіге хаттама толтырылды

Ақтаудағы 17-шағын аудан ішіне қоқыс төккен жүк көлігінің жүргізушісіне хаттама толтырылды. Құрылыс материалдарының қалдықтарының көпқабатты үй іргесіне тасталып жатқан сәтін куәгерлер ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Бейнетүсірілімді зерттеген полицейлер КамАЗ иесін тауып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес айыппұл салды. Аталған мөлтек аудан маңы соңғы уақытта қоқыс төгу алаңына айналып барады. Тұрғындар осы мәселені құқыққорғаушылардың қатаң бақылауға алуын сұрап отыр.

Газ баллоны жарылып, ер адам күйіп қалды

Батыс Қазақстан облысындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылып, салдарынан ер адам жарақат алды. Оқиға таңғы мезгілде Теректі ауданының орталығы Федоров ауылында болған. Жарылыстан баспана бүлінген жоқ. Алайда денесін күйік шалған бір тұрғын Оралдағы ауруханаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда. Мамандар бұл деректің мән-жайын анықтап жатыр.

Полицейлер аққуды құтқарып алды

Ал тәртіп сақшылары 14-шағын аудандағы полиция бекетіне қарама-қарсы жерде әлсіз күйде жатқан аққуды құтқарып қалды. Патрульдік жасақ бұл мезетте теңіз жағалауына жақын маңда жүрген. Шала-жансар жағдайдағы аққуды көрген бойда қағаз қорапқа салып бекетке жеткізіпті. Балық, жұмсақ нан беріп бақылауда ұстаған. Құс басын көтеріп, өз-өзіне келген соң аймақтық орман жануарлар әлемі инспекциясының мамандарына хабар береді. Олар қарап шыққан соң аққу Қаракөл су айдынына жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы