378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда батут аударылған саябақ басшыларына қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды

  • 359
  • UPD: 08:37, 01.06.2019

Қарағанды қаласындағы бала өліміне себеп болған батут оқиғасы бойынша «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» мекемесінің  басшыларына қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды.

Оларға балалар сауық нысанын заңсыз әрі талапқа сай орналастырмай, өз жұмысына салғырт қараған деген айып тағылып отыр. Естеріңізге сала кетсек, 25 мамыр күні қатты жел саябақтағы батутты ұшырып әкетіп, бір бала мерт болған еді. Тағы екі жеткіншек ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

Александр Иксанов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысының орынбасары:

- Департамент тарапынан сотқа дейінгі іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 371 бабының 2-ші бөліміне сәйкес қызметіне немқұрайлы қараған тұлғалар 4 мың айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл төлейді немесе мың сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Сондай-ақ заңда 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы