380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лисаков қаласында ғибадатхана өртенді

  • 137
  • UPD: 16:54, 02.06.2019
Лисаков қаласында ғибадатхана өртенді

Қызыл жалын ғимараттың төбесінде пайда болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бір сағаттай күресті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға кезінде ғибадатхана ішінде ешкім болмаған. Болжам бойынша өртке ауа райының ыстығынан терек ұлпасының тұтануы себеп болған болуы мүмкін.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы