389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде әткеншек құлап, 5 бала жарақаттанды

  • 438
  • UPD: 15:12, 03.06.2019

Семейде Ертіс жағалауында әткеншек құлап, 5 бала жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлердің әкімдіктен алған арнайы рұқсаты болғанымен, қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Бұл туралы қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандары айтып отыр. Құрастырмалы көшпелі темір әткеншек салмақ теңсіздігінен бір жағына ауып кеткен. Абырой болғанда, балдырғандардың жарақаттары жеңіл болыпты. Жалпы, қалада балаларға ойын-сауық ұйымдастыру үшін кәсіпкерлерге Ертіс жағалауы, Бейбітшілік аралы және 72-ші шағын ауданда рұқсат берілген. Ресми әкімдікпен 30 шақты кәсіпкер арасында қызмет көрсету жөнінде келісімшарт жасалған. Онда меншік иесінің қауіпсіздік талаптарын сақтауы міндеттелген. Қазір бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, барлық ойын-сауық орындары тексеріліп жатыр.

Амантай Өтелбаев, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Жарақат алған балалардың бәрі ауруханада тексеруден өтті. Қазіргі уақытта жағдайлары жақсы. Оған қарамастан, қазір әкімнің тапсырмасы бойынша, комиссия ары қарай барлық кәсіпкерлердің мәселесін қарастырып, бір қорытындыға келіп, қай кәсіпкердің кемшіліктері бар, олармен келісімшарт үзіледі де, барлық мәселе бақылауға алынады.

Хабар 24 телеарнасы