378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы Sky Beach Club жабық бассейнінде 1-сынып оқушысы батып кетті

  • 341
  • UPD: 19:37, 03.06.2019
Нұр-Сұлтандағы Sky Beach Club жабық бассейнінде 1-сынып оқушысы батып кетті yvision.kz

Бүгін сағат 11:30 шамасында Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығындағы Sky Beach Club демалыс орнының бассейнінде 2010 жылы туған оқушы қыз суға батып кетті.

Нөмірі 10-мектеп-гимназиясындағы бастауыш сыныптың оқушысы жағажай клубына достарымен демалуға келген екен. Айта кету керек, бұл уақытта бассейнде тағы 200 шақты бала шомылып жатқан. Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, «Балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктің жеткіліксіз болуы» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дулат Жекебаев, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Хан-Шатырға мектептегі жазғы сауықтыру лагеріндегі оқушылар барған. Қазір тергеу іс амалдары жүріп жатыр. Сондықтан қандай кемшілік болды, қандай қателік болды, қандай себептерден мұндай жағдай орын алғанын ашық айту ерте.

Хабар 24 телеарнасы