378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда 13 жастағы бала үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті

  • 170
  • UPD: 17:06, 03.06.2019
Қостанайда 13 жастағы бала үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті

Қостанайда 13 жастағы жеткіншек үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше кешке болған. Өзінің туған күнін атап өткен 13 жастағы оқушы алтыншы қабаттан құлап кеткен.

«Қазір бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Полицейлер оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр. Бұл факт бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы