388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы су тасқыны бақылауға алынды – ТЖД

  • 692
  • UPD: 14:03, 04.06.2019

Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылын су басты. Оқиға орнында 100-ден аса маман мен 20-дан аса техника жұмыс істеуде.

«3 маусым күні сағат 21:00-де  Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Пейжім ауылындағы бірнеше көше мен ауланы су басқандығы жөнінде хабарлама түсті. Таулы аймақта жауған нөсерлі жауын салдарынан бүйірлі ағынның қалыптасуы тіркелді.  Оқиға орында 100-ден аса адам мен 20-дан астам техника жұмыс істеуде. 23 сағат 30 минутта судың ағуы тоқтады. Оқиға орнында қаза болғандар жоқ. Жағдай бақылауда. Арнайы жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 31 мамыр күні облыстық ТЖД БАҚ және смс хабарлама арқылы Алматы облысы аумағында маусымның 2-сі, 3-і күндері нөсерлі жауын-шашын салдарынан таулы аймақтарда судың бүйірлі ағыны мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін екендігі туралы хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы