378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде кішкентай қызға зорлық-зомбылық қылмақ болған педофил ұсталды

  • 298
  • UPD: 12:13, 04.06.2019

1945 жылы туған Ақтөбе тұрғыны кішкентай қыз балаға кәмпит беріп  алдап, кейін зорламақ болған.

Бұл туралы «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданының тұрғындары полицияға хабарлады. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Қазір Қылмыстық кодекстің «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Тұрғындар хабарласып, олар кәмелеттік жасқа толмаған қызды белгісіз біреу зорлағысы келгендігі туралы хабарлама келіп түсті. Осы оқиға орнына патрулдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, 1945 жылы туылған тұрғын, Ақтөбе қаласындағы №4 полиция бөліміне жеткізіледі. Қазіргі таңда осы дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 124 бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалып жүргізілуде және де тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау облысында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Жол апаты Ақтау қаласынан 20 шақырым қашықтықта Қошқар ата қорымы жанында тіркелді. Соқтығысу салдарынан «Газель» аударылып үш ересек пен бір бала жарақат алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі оларды облыстық ауруханаға жеткізді. Қазір төртеуінің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер.

Түркістан облысындағы Шардара жедел құтқару жасағының құтқарушылары суға батқан баланың өміріне араша түсті. Жеткіншек Сырдария өзеніндегі жабдықталмаған орында шомылған. Құтқарушылар көмек сұраған мектеп оқушысын байқап, жағаға алып шыққан. Барлық қажетті медициналық жәрдемді сол жерде көрсетіп үйіне дейін шығарып салды. 15 жастағы бала жағалау сызығынан 15 метрдей алыстап жүзіп, суға шашалып батып кете жаздаған.

Ақтаудағы дүкендердің біріне ұрылар түсіп темекі өнімдерін қолды қылған. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеге бағаланады. Сауда орны иесінің айтуынша, ол түн жарымда дүкенді жауып үйіне кеткен. Жоғалған тауарды таңертең келген сатушы байқаған. Белгісіз біреулер дүкенге артқы тұстан еніп сөредегі шылымдарды түгелдей сыпырып әкетіпті. Өкінішке орай, бұл түні бейнебақылау камералары істемеген.

Хабар 24 телеарнасы