389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 16 Өзбекстан азаматы тұрмыстық газдан уланды

  • 458
  • UPD: 23:45, 04.06.2019
Қарағандыда 16 Өзбекстан азаматы тұрмыстық газдан уланды Otyrar.kz.

Олар жеке үйдің құрылысында жұмыс істеп жүрген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай түнгі уақытта болған. Жапа шеккендердің айтуынша, олар кешкілік ас дайындап болған соң газды өшіруді ұмытып кеткен. Қазір полиция қызметкерлері мәселенің анық-қанығын анықтау үстінде. Уланған барлық азаматтар жедел жәрдеммен облыстық аурухананың токсикология бөліміне жеткізілді.

Ерік Шонбаев, Х.Мақажанов атындағы клиникасының  ахуалдық орталығының меңгерушісі:

- Жедел жәрдеммен ауруханаға 12 адам жатқызылды. Төртеуі медициналық көмектен бас тартты. Барлығы газдан уланған. Қазір барлығының жағдайы бірқалыпты, өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Медициналық көмек қажетті деңгейде көрсетіліп жатыр.

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз қызметі басшысының орынбасары:

- Аталған оқиға полиция бөлімінде тіркеліп, қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Айта кету керек, Өзбекстан азаматтары көші-қон полиция басқармасында тіркелген, жұмыс берушімен еңбек келісімшарты бар.

Хабар 24 телеарнасы